Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Дауысымды естігіңіз келсе :) : Тел.: +7 (705)-882 29 18 

Email:isok_08_96@mail.ru vk.com/andrmandr 


 
 

Оссновы права(қазақша)

24. 05. 2015
1. Мемлекет және құқық теориясының пәнi: A) мемлекет пен құқықтың қоғамдық өмiр құбылысы ретiнде «әрекет етуi, олардың пайда болуы мен қызмет етуiнiң заңдылықтары, олардың мәнi, мазмұны және нысаны, заң қатынастары мен байланысы, құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттiң ерекшелiктерiн зерттеу; 2. Мемлекеттiк-құқықтық құбылыстардың пайда болуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттеу тәсiлдерi D) әдiстеме 3. Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымдарының қай түрiне жатады? D) iргетасты заң ғылымы 4. Мемлекет және құқық теориясы қандай функцияларды атқармайды? E) талдамалық 5. Мемлекет және құқық теориясының зерттеу объектiсi ретiнде мемлекеттiң негiзгi, өзiне ғана тән ерекшелiктерiн айқындап көрсететiн философиялық категорияны қалай атаймыз? B) мәнi 6. Материалистiк теорияға сәйкес мемлекеттiң пайда болуының негiзгi себептерi мен факторларды анықтаңыз D) өндiрiстiк күштiң дамуы, еңбектiң қоғамдық бөлiнуi, қосымша өнiмнiң пайда болуы, жеке меншiк және қоғамның таптарға бөлiнуi 7. Күштеу теориясы бойынша мемлекеттiң пайда болуының негiзгi себептерiн көрсетіңіз B) күштi тайпалардың әлсiз тайпаларды жаулап алуы 8. Мемлекеттiң пайда болуының келiсiм-шарттық теориясының өкiлдерi мемлекеттiң пайда болуын қалай түсiндiрген B) мемлекет бiрiгiп өмiр сүру үшiн адамдар арасындағы өзара келiсiмнiң нәтижесi 9. Мемлекеттiң пайда болуының теологиялық теориясының өкiлдерi қолдаған негiзгi ережелердi көрсетіңіз C) мемлекет құдайдың еркi 10. Мемлекеттiң пайда болуын келiсiм-шарт теориясымен түсiндiрген ғалымдарды атаңыз A) Г.Гроций, Т. Гоббс, Ж.Ж. Руссо, А. Радищев 11. Мемлекеттiң пайда болуын психологиялық теориясын түсiндiрген ғалымдарды атаңыз: A) Петражицкий, Фрезер, Тард 12. Мемлекет пен құқықтың пайда болуын материалистiк теориямен түсiндiрудi ұсынған ғалымдар B) К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин 13. Шығыс типтегi мемлекеттiң пайда болуын сипаттайтын белгiнi көрсетіңіз: A) бұл мемлекеттерде жерге мемлекеттiк (қоғамдық) меншiк орнаған 14. Батыс типтегi мемлекеттердiң пайда болуын сипаттайтын белгiлердi көрсетіңіз: E) бұл мемлекеттерде биліктің қайнар көзi – меншiк, қоғамның қарама-қайшы таптарға бөлiнуi 15. Мемлекеттiң пайда болуы туралы теориялардың қайсысы мемлекеттiң пайда болу процесiн неғұрлым объективтiк тұрғыда бейнелейдi? E) тарихи-материалистiк 16. Мемлекет пен құқықтың пайда болуының әлеуметтiк себептерiн көрсетіңіз? C) рудың бөлiнуi және отбасының пайда болуы, қосымша өнiмнiң, қарама-қарсы таптардың пайда болуы, қоғамның таптарға бөлiнуi 17. Ең алғашқы мемлекеттер қайда пайда болған? B) Нiл, Тигр, Евфрат, Ганг, Инд өзендерiнiң жағалауында 18. Мемлекеттің негiзгi белгiсiн көрсетіңіз? C) жалпыға мiндеттi ережелер көмегiмен белгiлi территорияға тарайтын мемлекеттiк егемендiк пен арнайы билiк және басқару аппараты, салық өндiру 19. Мемлекеттiк биліктің үстемдiгiн ел iшiнде және оның тәуелсiздiгiн сыртқы қатынастарда бiлдiретiн мемлекеттiң белгiсi қалай аталады? B) мемлекеттiк егемендiк 20. Мемлекеттiң негiзгi белгiлерiнiң бiрiн атаңыз? B) халықтың территориялық бөлiнiсi 21. Төмендегi тiзiмдегi жауаптардың қайсысы мемлекеттiң құзыретiне жатпайды? D) достық қатынасты, өзара көмектi, туыстық қатынасты реттеу 22. Мемлекет нысаны ұғымына не кiрмейдi? D) құқық нормаларын жүзеге асыру тәсiлдерi 23. Мемлекеттiң басқару нысаны дегенiмiз B) мемлекеттiк жоғары биліктің ұйымдасуы, оның органдарының құрылу тәртiбi және олардың халықпен өзара қатынасы 24. Мемлекет функциясы ненi бiлдiредi? C) мемлекет қызметiнiң негiзгi бағыттарын 25. Мемлекет функциясын iске асыруда қандай әдiстер қолданады? E) басып-жаншу және қудалау 26. Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің номаларынан ерекшеленетін құқықтың түрі E) Конституциялық құқық 27. Демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі A) ҚР-ның Конституция 28. Конституциялық құқықтық реттеу объектісі қалай аталады? C) Конституциялық принциптер 29. Конституциялық қағидада мемлекеттік қызметкердің жасы неше жастан аспауы тиіс деп көрсетілген? D) 60-65 30. Конституциялық заңдылықтың сақталу тәртібін қамтамасыз ететін заңды құралдардың жиынтығы қалай аталады? B) Конституцияны құқықтық қорғау 31. Конституциялық сипаттағы ең алғашқы акты кай жылы қабылданды? E) 1990 ж. 25 қазан 32. Конституцияның 6- бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстанда мемлекеттік пен жеке меншіктің тең дәрежеде мойындалуы және қорғалуы қоғамдық қатынастардың бір саласы көрсетілген. Ол қандай сала? A) Экономикалық әралуандылық 33. Қазақстан Республикасының Конституциясында меншіктің неше нысаны көрсетілген? C) 2 34. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері мемлекеттің қандай тұлғалары болып табылады? C) лауазымды тұлғалар 35. Конституциялық Кеңестің Төрағасын қызметке кім тағайындайды? A) Президент 36. Парламентті тарату құқығы Конституция бойынша кімге берілген? B) Президентке 37. Мемлекеттiк органдар қызметiнiң қандай принциптерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлмеген? E) дiни ырымдарды реттеу 38. Төмендегi тiзiмнiң қайсысы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқықтық жағдайына жауап бередi? C) ол мемлекеттiң басшысы, кең көлемдегi өкiлеттiктерге ие, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды, мемлекеттiк биліктің барлық тармағының келiсiп жүмыс iстеуi қамтамасыз етедi 39. ҚР Конституциясы бойынша кез-келген дiндi ұстану құқығы? E) ар-ождан бостандығы 40. Конституциялық заң – бұл B) қоғамдық және мемлекеттiк құрылыстың негiзiн бекiтетiн заңдар 41. Қазақстан Республикасының Конституциясына 1998 жылы 7 қазанда қанша өзгерiс енгiзiлдi? A) 10 42. Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына ресми түсiнiк берушi субъектiнi атаңыз? E) Конституциялық Кеңес 43. Жеке-дара тәртiппен басқарылатын мемлекеттiк органды атаңыз? D) Президент 44. Азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттiк қүрылыс және басқару нысанын бекiтетiн саяси-құқықтық акт? E) Конституция 45. Төменде көрсетiлген нормативтiк актiлер арасынан ең жоғары заңдық күші бар актiнi көрсетіңіз? C) Конституция 46. Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң қабылдау құқығы бар ма? C) Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетiлген ерекше жағдайларда ғана заң қабылдайды 47. Жоғары мемлекеттiк билiк органдарының қүрылысы мен қүзыретiн бекiтетiн, азаматтардың негiзгi қүқытары мен мiндеттерiн реттейтiн құқық саласын атаңыз? B) конституциялық құқық 48. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша барлық азаматтар тең құқылы. Бұл теңдiк қалай сипатталады? B) заң мен сот алдындағы теңдiкпен 49. Азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлердi кiм шығарады? B) Парламент 50. Қазақстан Республикасы Парламентi сайлауын кiм тағайындайды? E) Президент 51. Заңды тұлғаның атауы қандай құжатта көрсетіледі? E) құрылтай құжаттарда 52. Борышкердің соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі A) банкроттық 53. Қандай құжаттар шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттары болып табылады? C) құрылтай шарты мен жарғы 54. Азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзгеде қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қалай аталады? D) қоғамдық қор 55. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне кімдер жатады? E) барлық жауап дұрыс 56. Азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі қалай аталады? A) азаматтық құқықтық қабілеттілік 57. Неше жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады? B) алты жасқа дейінгі 58. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық ........ бола алады C) объектілер 59. Екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі қалай аталады? E) шарт 60. Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер A) мәміле 61. 6-14 жасқа дейінгі балаларға тән әрекет қабілеттілігі қалай аталады? B) жартылай әрекет қабілеттілігі 62. Мәмілелердің неше түрі бар D) 4 63. Субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы қалай аталады? B) меншік құқығы 64. Авторлық құқықтың объектілеріне нелер жатады? D) әдеби туындылар, фотосурет туындылары 65. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздеріне не жатады? E) заңды фактілер 66. Азаматтық белгiсiмен бiрiгетiн бүкiл қоғамның, бүкiл халықтың бiрден-бiр ресми өкiлiн анықтаңыз? D) мемлекет 67. Азаматтық қоғам – бұл... B) мемлекеттiк аппараты мен оның қызметiн қамтымайтын адамдар арасындағы отбасы, үлт, әлеуметтiк топтар деңгейiндегi қоғамдық қатынастары жүйесi 68. Қай нормативтiк-құқықтық актiде адам және азаматтардың құқықтары, мiндеттерi мен бостандықтары бекiтiлген? E) жауаптардың барлығы дұрыс 69. Қандай жағдайда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектелуi мүмкiн? B) құқықтар мен бостандықтар конституциялық қүрылысты, қоғамдық тәртiптi қорғау мақсатында заңмен ғана шектеледi 70. Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылады ма? D) жоқ, танылмайды 71. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы мәселенi кiм шешедi? C) Президент 72. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша барлық азаматтар тең құқылы. Бұл теңдiк қалай сипатталады? B) заң мен сот алдындағы теңдiкпен 73. Азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлердi кiм шығарады? B) Парламент 74. Төмендегi құқықтардың қайсысы азаматтардың жеке құқықтарына жатады? D) жеке өмiрiне қол сұқпаушылық, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-ождан бостандығына құқықтары 75. Заңды тұлғаның атауы қандай құжатта көрсетіледі? E) құрылтай құжаттарда 76. Құқық қатынастарының субъектілеріне кімдер жатады? D) Қызметкер мен жұмыс беруші 77. Қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер B)Жалақы 78. Қызметкер еңбек міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт қалай аталады? B) Еңбек стажы 79. Қызметкердің еңбек қызметі поцесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны C) Жұмыс орны 80. Қызметкердің еңбек қызметі туалы мәліметтерді қамтитын құжат қалай аталады? E) Еңбек кітапшасы 81. Қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға A) Жұмыс беруші 82. ҚР-ның еңбек заңнамасында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен мінеттерді жүзеге асыру үшін қызметкермен жұмыс берушінің арасындағы туындайтын қатынастар C) Еңбек қатынастары 83. Еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, онда қызметкерлердің жалақысы тарифтік ставкалар және тарифтік кестелер негізінде сараланып айқындалатын жүйе A) Тарифтік жүйе 84. Ұйымдағы әлеуметтік еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт B)Ұжымдық шарт 85. Еңбек кітапшаларының нысаны, оны жүргізу және сақтау тәртібін қандай өкілетті орган белгілейді? A) Еңбек кодексінде көрсетілген нормалар бойынша 86. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма неше сағат болғанда 7-сағаттан аспауы тиіс D) 40 87. Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтініші бойынша кімдер қарайды? A) Келісім комиссиясы 88. Неше жас аралығындағы қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленген A)14-16 89. Әркімнің де еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандайда болмасын кемсітушіліксіздік және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне иелік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар, бұл C) Еңбек бостандығы 90. Жұмыс беруші неше күн мерзімде қызметкерді актімен таныстыруға міндетті? B) 3 91. Жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасындағы қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу A) Еңбек құқығының негізгі мақсаты 92. Қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім D) Жеке еңбек шарты 93. Еңбек құқығы саласының жүйесі қандай бөлімнен тұрады? E) Жалпы және ерекше бөлімнен 94. Еңбек кодексі қашан қабылданды? B) 2007 ж.19 желтоқсан 95. Еңбек құқығының қайнар көздері D) Конституциялық және халықаралық шарттар 96. Азаматтардың лайықты жұмыспен, тиімді қамтамасыз етумен жұмыс күшіне қатысты ұсыныстар мен сұраныстарды қанағаттандырумен байланысты экономикалық және құқықтық қатынастардың жиынтығы қалай аталады? E) Еңбек нарығы 97. Халықты жұмыспен қамту туралы заң кай жылы, қай айда белгіленді? B) 2001 ж. 23 қаңтар 98. Еңбек нарығында мемлекет қандай қызмет атқарады? C) Реттеуші және үйлестіруші 99. Еңбек ұжымының құқықтық мәртебесі қандай жағдайда тоқтатылады? B) Өндіріс толығымен тоқтатылғанда 100. Еңбек стажы неше жолмен есептеледі? A) 3 101. Әлеуметтік қамсыздандыру міндеттері нешеге бөлінеді? B) 4 102. Әлеуметтік қамсыздандырудың экономикалық міндеті деп.......? A) Қиын жағдайда азаматтарға материалдық көмек беру, қоғамдық өндірісті дамыту 103. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің бөлімдері? B) Жалпы, ерекше 104. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жалпы бөлім нені қарастырады? C) Әлеуметтік қамсыздандыру ұғымы, пәні, функциялары, жүйесі, қайнар көздері 105. Әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық қайнар көздері? D) Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер 106. «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң қашан қабылданды? D) 1998ж 16 маусым 107. Әлеуметтік қамсыздандырудың саяси міндеті деп........? C) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды тұрақтандыру 108. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің белгілері? B) 5 109. Әлеуметтік жәрдемақы алуға кімдер құқылы? A) Тек ҚР азаматтары 110. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы деп..... E) Әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін төлем 111. Норманы іске асыруға байланысты құқықтық қатынастар түрлері? B) Материалдық, рәсімдіак, іс-жүргізу 112. Құқықтық қатынастарға қатысатын азамат заңмен орнатылған жағдайларды сақтағанда зейнетақаы, жәрдемақы, өтемдер алуға субъективті құқыққа ие, ал мемлекеттік орген оны беруге міндетті болатын, бұл әлеуметтік қамсыздандырудың .......... жатады. C) Ерекшелігіне 113. Материалдық құқықтық қатынастар жіктеледі: A) Зейнетақылық, жәрдемақылық, өтеулік төлемдер, әлеуметтік қызмет көрсетулер бойынша 114. Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатыныстың субъектісі болып...... C) Субъективті құқықтық мен міндеттерді жүргізуші жеке тұлға және мемлекеттік орган 115. ҚР Еңбек Кодексі қашан қабылданды? E) 2007ж 05.15 116. Еңбек құқығы болып: B) Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы тараптардың еңбек қызметін іске асыру 117. Еңбек құқығының субъектілері дегеніміз......... A) Еңбек құқықтары мен міндеттері бар, оларды жүзеге асыра алатын қатысушылар 118. Еңбекке қабілеттілік заңға сәйкес неше жастан басталады? B) 18 Жастан 119. Коммерциялық емес ұйымдарға жатады? D) Қоғамдық, діни бірлестіктер 120. Еңбек шарты дегеніміз – B) Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім 121. Еңбек шартының неше түрі бар? B) 2 122. Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттейтін жергілікті нормативтік құқықтық акт............. C) Еңбек құқығының объектілері 123. Ұйымның меншік иесі ауысқан кезде ұжымдық шарт қанша мерзімде дейін сақталады? E) 3 ай 124. Апталық норма сағат болса, күнделікті жұмыстың ұзақтығы неше сағаттан аспау керек? B) 8 125. Еңбек шартында белгіленген жұмыс мөлшерін орындағаны үшін қызметкерге төленетін төлем қалай аталады? A) Еңбекақы 126. Әкімшілік құқық нені реттейді? C) Мемлекеттік басқару мен қызметті ұйымдастыру 127. Әкімшілік құқық неше әдістерден тұрады? C) 4 128. Әкішілік құқықтың қайнар көздері? A) Әкімшілік құқық нормалар көрінісінің сыртқы нақты нысандары 129. Әкімшілік құқық нормасының құрылымын атаңыз? D) Гипотеза, диспозиция, санкция 130. Әкімшілік құқық нормалардың негізінде пайда болатын басқару қатынастары, олардың қатысушыларының субъектілерінің құқықтары B) Әкімшілік құқық нормалар 131. Атқарушы билік нысандары? D) Нормативтік, нормативтік емес, жеке-дара актілер 132. ҚР атқарушы органы? C) ҚР Үкіметі 133. Әкімшілік құқықтық реттеу процесінде құқықтық режимді сақтауды және реттелетін қоғамдық қатынастарды заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатына арналған функция? C) Құқық қорғаушылық 134. Ұйымның меншік иесі ауысқан кезде ұжымдық шарт қанша мерзімге дейін сақталады? E) 3ай 135. Әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық қайнар көздерінің белгілері? B) 5 136 . Әкімшілік құқық қабілеттілік дегеніміз не? B) Жалпы құқық қабілетінің көрінісі 137. Әкімшілік құқық нормаға жатады? A) Мемлекет тағайындайтын мінез-құлық ережелері 138. Әкімшілік құқықтың нормаларың түрлерін көрсет? B) Материалдық, процессуалдық 139. ҚР Конституциясы, үкіметі, атқарушы билік органдар, Конституциялық кеңес, мемлекеттік кәсіпорындар әкімшілік құқықтың ....... жатады. C) Деректемелік көздеріне 140. Атқарушы билік органдарының жүйесі? A) Республикалық, жергілікті 141. ҚР Атқарушы билік органдары құзыретінің кеңесшімен сипатына қарай нешеге бөлінеді? C) 4 142. Атқарушы биліктің басшысы? C) Премьер-министр 143. ҚР Үкіметі туралы заң қашан қабылданды? D) 1995 18 желтоқсан 144. ҚР Үкіметі Әлеуметтік аяда қандай қызметтерді жүзеге асырады? E) Еңбекақы төлеу, азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік сақтандыру 145. ҚР қазіргі кезде қанша министрлік бар? D) 16 146. Заң шығарушы орган B) Парламент 147. Мемлекеттік емес кәсіпорын B) Мемлекеттің ықпалы шектеулі, мемлекет басқармайды 148. Акционерлік қоғам деп... А) Өз қызметі жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акция шығаратын тұлға 149. Комерциялық емес ұйым деп.. A) кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын заңды тұлға 150. Әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызды белгісі C) Жазаланатындығы 151. Әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі E) Әкімшілік құқық бұзуылықты жасаған тұлға 152 . Мемлекеттің қаржылық қызметі деп........... A) Мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдардың қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз ету 153. Қаржылық банк, бюджеттік, валюталық қаржылық сақтандыру...... жатады B) Мемлекеттік қаржылық қызметтің түрлеріне 154. Мемлекеттік қаржылық қызмет неше әдістен тұрады? B) 3 155. Қаржылық құқық пәні деп – C) Мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы 156. Қаржылық құқықта пайдаланатын құқықтық реттеу әдістері қандай? E) Императивтик, диспозитивтік 157. Қаржылық құқықтың жалпы бөлімінде қарастырылады? D) Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері, ақша жүйесінің құқықтық негіздері 158. Мемлекеттің қаржылық құрылымын жүзеге асыратын арнайы органдар? D) ҚР Қаржы министрлігі, Салық комитеті,Ұлттық Банкі 159. Ресми ақша бірлігі, ақшалардың түрлері, ақшаларды эмиссиялау, ақша айналымын ұйымдастыру - ақша жүйесінің.......... жатады? B) Элементтеріне 160. Мемлекет атынан ақша шығаруды кім жүзеге асырады? E) ҚР Ұлттық банкі 161. Қаржылық жоспарлау объектісі – B) Ақшалай қор 162. Қаржылық құқық қатынас субъектілеріне – B) Мемлекеттің өзі, әкімшілік- аумақтық құрылымдар 163. Мемлекеттің табыс көзі – D) Салық 164. Салықтың мән-жайларына байланысты салықтар қалай бөлінеді? B) Тікелей, жанама, реттеуші, жалпы және мақсатты салықтар 165. Мемлекеттік баж салығының түрлері? B) Мемлекеттік, кедендік 166. Баж салығын белгілейтін орган қалай аталады? C) ҚР Үкіметі 167. Салықтарды, алымдарды, баждарды сондай-ақ басқада міндетті төлемдерді жүзеге асыратын орган қалай аталады? C) Тікелей салық комитеті 168. ҚР Салық Кодексі қашан қабылданды? E) 2001ж 12 маусым 169. Корпорациялық табыс салығын төлеушілер B) ҚР резидент және ҚР табыс алатын резидент емес заңды тұлғалары 170. Корпорациялық табыс салығының проценттік ставкасы E)15% 171. Қосылған құн салығын төлеушілерге кімдер жатады? A) ҚР қосылған құн салығы бойынша есепте тұрған міндетті тұлғалар 172 . Роялти салығы дегеніміз.......... C) Пайдалы қазбаларға салынатын салық 173. Қаржы құқығы нені реттейді? C) Мемлекеттің қаржы жүйесін 174. ҚР заң шығарушы органы A) Парламент 175. ҚР Үкіметі туралы заң қашан қабылданды? E) 1995ж 18 желтоқсан 176. Әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі? E) Әкімшілік құқық бұзуылықты жасаған тұлға 177. ҚР «Неке және отбасы туралы» заң қашан қабылданды? D) 1998ж 17 желтоксан 178. Неке дегеніміз .......... B) Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік мүліктік емес қатынастарды туғызатын, еркек пен әйел арасындағы тең құқықты қатынас 179. ҚР заңында некеге тұру неше жастан басталады? C) 18 180. Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайда мүліктік құқықтарымен міндеттерін айқындайтын келісімі қалай аталады? C) Неке шарты 181. Некеге тұруға арыз берген соң, АХАЖ бөлімі қандай мерзімде арызды қарайды? A) 1 ай 182. Баланың ата-анасы неке тоқтатылған немесе неке жарамыз деп танылған кезде баланың тегі кімнің тегінде болады? D) Туған кезде берілген тектерін сақтап қалады 183. Баланың тегін баланың келісімімен өзгерту үшін баланың жасы нешеде болуы тиіс? A) 20 184. Ерлі–зайыптылар ажырасқан кезде әкесінің баласына төлейтін төлемі қалай аталады? B) Алимент 185. Ата-ана құқығы қандай жағдайда тоқтатылады? B) Бала 18 ге толғанда, кәмелетке толмай некеге тұрғанда 186. Ата-анасының балаға деген құқықтары басқа адамдарға қарағанда басым құқықтары мен міндеттері қандай? A) Балаларын тәрбиелеуге, орта білім беруге 187. Бір балаға төленетін алимент мөлшері? A) Табысының төрттен бір бөлігі 188. Қандай жағдайда отбасының басқа мүшелері (апалары, ағалары) балаға алимент төлейді? A) Ата-анасы еңбекке жарамсыз болғанда, бала кәмелетке толмаса 189. Қорғаншы және қамқоршы органының атқаратын міндеті? A) Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды, анықтау, есебін алу 190. Патронат............. B) Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдіруші адам. 191. Қандай мәселелерді ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді? A) ана болу, әке болу, бала тәрбиелеу 192. Ата-ана құқықтарын айыру қалай жүзеге асырылады? B) Сот тәртібімен жүрізеді 193. Екі балаға төленетін алимент мөлшері D) Табысының үштен бір бөлігі 194. Қандай адамдарға некелесуге болмайды? D) Біреуі басқа некеде тіркелген, ата-тегі бойынша жақын адамдар 195. Бала деп танылатын тұлға - A) Кәмелетке толмаған 196. Неке шартын кім куәландырады? D) Нотариат 197. Патронат туралы ережені кім бекітеді? E) ҚР Үкіметі 198. Некеге тұру үшін еркек пен әйелдің: E) Өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет 199 Некені жарамсыз деп тану негізін атаңыз? D) Неке жалған жасалған жағдайда 200. Некені жарамсыз деп кім таниды? B) Сот жүргізеді 201. Неке жалған жасалған жағдайда B) Егер сот әрекетке қаттыссыз деп танылса
 
Пожаловаться на сайт