Политология
24. 05. 2015
1 Қазақстанда саясаттануды оқыту қандай міндеттермен байланысты?
E) Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру міндеттерімен
2 Саясаттанудың негізін салған кім?
А) Аристотель
3 «Политология» («саясаттану») терминінің дәлірек мағынасын көрсетіңіз:
B) Мемлекеттік және қоғамдық істер туралы ғылым
4 «Саясат» терминін ең алғаш рет ғылымға енгізген кім?
А) Аристотель
5 Саясаттану қашан ғылым ретінде қалыптасты?
С) ХІХ –ХХ ғасырлар межесінде
6 Саясаттанудың қалыптасуына ықпал еткен позивистік әдістеменің принциптерін анықтаған кім?
В) О.Конт
7 Ең алғаш рет саясаттану қайда оқытыла бастады?
D) 1857 жылы АҚШ, Колумбия колледжінде
8 Теориялық білімдердің қай бағыты саясаттанудың ғылым ретінде дамуына ықпал етті?
D) Саяси философия
9 Саясаттанудың қызметтері қайсы?
D) Танымдық, бағалау, болжау, құралдық-тәжірибелік
10 Саясаттанудың зерттеу объектісі не?
А) Саяси нақтылық
11 Саясаттану қандай ғылым?
C) Саясат туралы тұтас және шоғырланған білімдер жиынтығы
12 Саяси түсініктер мифологиялық, кейінірек философиялық-этикалық және теологиялық сипатта болып, бірте-бірте олар рационалды сипатқа ие болды. Саяси идеялар гуманитарлық білімдердің жалпы ағымында дамыды. Бұл белгілер саяси білімдердің даму тарихының қай кезеңіне тән?
E) Ежелгі дүние
13 Саясаттануда қолданылатын теориялық-танымдық әдістерді көрсетіңіз:
E) Әлеуметтік, жүйелік, тарихи
14 Саясаттану ғылымының халықаралық деңгейде мойындалған кезеңі:
B) Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
15 Адамзаттың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі саяси құбылыстар жөніндегі жинақталған саяси ілімі мен тәжірибесі. Бұл анықтама қай ұғымға қатысты?
A) Саяси ойлар
16 Ежелгі дүниедегі саяси ойлардың бірінші бағыты қалай деп аталады?
C) Діни-мифологиялық
17 Ежелгі Шығыстың көрнекті саяси ойшылдарының бірі – Конфуций іліміндегі дұрыс мемлекеттің негізгі шарты не?
Е) Адамның өнегелік образы
18 Платонның саяси ойлары баяндалған еңбегі:
С) «Мемлекет»
19 Аристотельдің саяси ойға қосқан үлесі:
А) Коммунистік идеяны сынады, жеке меншікті жақтады
20 Орта ғасырдағы Батыс Европадағы саяси ойдың ерекшелігі неде?
C) Христиан діні мен римдік-католиктік шіркеудің едәуір ықпал етуі
21 Орта ғасырларда теология мен философияны синтездеп заңдар теориясын жасаған кім?
А) Ф.Аквинский
22 Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті ойшылы, жаңа буржуазиялық идеологияның өкілі:
D) Н.Макиавелли
23 Саяси ойлардың дамуында жаңа дәуірде көтерілген негізгі саяси идеялар:
В) Табиғи құқық, биліктің бөлінуі, халық егеменділігі
24 Қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз, ағартушы Ы.Алтынсариннің саяси көзқарастарын білдіретін еңбегі қайсы?
D) «Қазақ даласындағы жұт жөнінде»
25 Макиавеллидің «Патша» еңбегінің мазмұны қандай?
D) Мемлекетті құру, сақтау, кеңейту және саяси билікті иелену мен сақтау туралы кеңес береді
26 «Макиавеллизмге» қатысты тұжырымдаманы көрсетіңіз:
D) «Мақсат – әдісті ақтайды»
27 Ш.Уәлихановтың пікірінше, қазақ қоғамының ілгері дамуының шешуші себебі неде?
Е) Экономикалық және әлеуметтік реформа
28 Абай қоғамды өзгертудің негізгі күшіне нені жатқызды?
В) Ағартуды
29 Саясат әлеуметтік құбылыс ретінде қай кезеңде пайда болды?
А) Ежелгі дәуірде
30 Мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар, әлеуметтік топтар, таптар, партиялар, ұлттар, мемлекеттер және т.б. арасындағы билік қатынастарымен байланысты іс-әрекеттер (қызмет) саласы. Бұл қандай құбылысқа қатысты анықтама?
A) Саясат
31 Саясаттың негізгі объектісі:
В) Қоғам
32 Саясаттың ең алғашқы субъектісі:
В) Жеке адам
33 Қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерін қорғауға, іске асырауға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі. Бұл ненің анықтамасы?
A) Саясаттың
34 Өмір сүруші әлеуметтік-саяси құрылысты сақтауға немесе реформалауға бағытталған мемлекеттің, оның құрылымдары мен институттарының экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-интеграциялық, әлеуметтік-мәдени, қуғын-сүргін және т.б. іс-әрекеттер жиынтығы. Бұл қандай ұғымға қатысты анықтама?
B) Ішкі саясат
35 Саясаттың қозғаушы күші:
D) Мүдде
36 Саясат субъектісінің іс-әркеті бағытталған саяси нақтылықтың, жүйенің бір бөлігі:
A) Саясаттың объектісі
37 Саясаттың объектісіне бағытталған белсенді іс-әрекетті жасаушы:
B) Саясаттың субъектісі
38 Саясаттың субъектісі мен объектісі:
D) Адамдар
39 Саясаттың субъектілері:
D) Жеке адам, ұйымдар, әлеуметтік топтар
40 Өз атауын зерттеу объектісіне емес, зерттеу әдісіне байланысты алған саясаттанудың бір саласы:
B) Салыстырмалы саясаттану
41 Салыстырмалы саясаттанудың негізін салған кім?
A) Аристотель
42 «Салыстырмалы саясаттану» ұғымын ғылыми айналымға енгізген кім?
E) Э.Фримен
43 Саясатты әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру оны қай тұрғыдан сипаттайды?
A) Саясатты қоғамдық құбылыстар, яғни экономика, әлеуметтік топтар, құқық, мораль, мәдениет, дін арқылы сипаттайды
44 Саясаттың басты міндеті:
C) Қоғамдық өмірдің түрлі жақтарын шоғырландыру, түрлі мүдделердің үйлесуі негізінде қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету
45 Өз еркін басқаларға жүргізіп, олардың әрекетіне, қызметіне, тағдырына т.б. ықпал ете алу қабілеті мен мүмкіндігі:
D) Билік
46 Саясаттың негізгі мәселесі не?
C) Билік
47 Саясаттанудың билікті саяси құбылыс ретінде зерттейтін саласы:
B) Кратология
48 Биліктің құрылымына қатысты ұғымдарды көрсетіңіз:
D) Негіздері, ресурстары, субъектісі, объектісі, функциялары
49 Жеке адамның, таптың, топтың т.б. саясатта өз еркін жүргізе алу мүмкіндігі нені білдіреді?
А) Саяси билікті
50 Олигархия жағдайында билікті кімдер жүзеге асырады?
В) Азғана бай адамдар
51 Билікті бөлшектеу теориясының мәні:
А) Билікті шектеу мақсатында тармақтарға бөлу
52 Биліктің легитимдігі дегеніміз не?і
Е) Төмендегілердің билікті мойындауы, құрметтеуі
53 Биліктің бөлінуі бойынша атқарушы билікті кім жүзеге асырады?
А) Үкімет
54 Сенат пен Мәжіліс – бұл Қазақстан Республикасындағы қай билікті бейнелейді?
D) Заң шығарушы
55 Абсолюттік және конституциялық – бұл ұғымдар қайсысына қатысты?
С) Монархия
56 Белгілі бір аумақтағы ерекше күштеу аппаратына сүйенетін билік түрі:
А) Мемлекеттік билік
57 Охлократия деген не?
В) Тобыр билігі
58 Биліктің бөлінуі принципі бойынша заң шығарушы билікті жүзеге асыратын не?
Е) Парламент
59 Биліктің жариялылығы дегеніміз не?
Д) Биліктің заңдарға, құқықтық нормаларға сәйкес келу
60 Неміс әлеуметтанушысы Макс Вебер көрсеткен билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері қайсы?
B) Әдет-ғұрыптық, харизматикалық, ақыл-парасаттық
61 Қазір жер бетінде түрлі ғалымдардың санауы бойынша қанша халық (этнос)-ұлт бар?
E) 3-5 мыңдай
62 Қазір жер бетінде түрлі ғалымдардың санауы бойынша қанша этникалық және этнолингвистикалық топтар бар?
A) 10 мыңдай
63 Қазір жер бетінде түрлі ғалымдардың санауы бойынша мемлекеттердің саны қанша?
B) 200-дей
64 Мәліметтер бойынша, Қазақстанда қазір қанша ұлттар мен ұлыстардың, этникалық топтардың өкілдері өмір сүруде?
A) 130-ға жуық
65 Тарихи жағынан алғанда «ұлт» («нация») термині қандай мағынаны білдіреді?
A) «туылу»
66 Саясаттануда қалыптасқан ұлтты түсіндірудің екі негізгі теориялық бағытын көрсетіңіз:
B) Мемлекеттік-құқықтық және әлеуметтік-мәдени
67 Ұлтшылдық дегеніміз не?
C) Белгілі бір доктрина негізінде ұлттық қауымдастықтың мемлекетпен қатынасындағы ұлттың мүдделерінің көрінуі және олардың қорғалуын көздеген саяси қозғалыс
68 Ұлттық мүдделерді жүзеге асыруға, ұлттық қатынастар саласындағы қайшылықтарды шешуге бағытталған шаралар:
В) Ұлттық саясат
69 Бөлектену, оңашалануға тырысушылық. Көпұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдерінің дербес мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылуы қандай терминмен анықталады?
D) Сепаратизм
70 Нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты қалай деп аталды?
B) Апартеид
71 Геноцид дегеніміз не?
A) Адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың өкілі болуына байланысты қыру не қудалау
72 Ұлттық-мемлекеттік құрылыстың формаларын көрсетіңіз:
E) Унитарлық, федерация, конфедерация
73 Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қашан құрылды?
D) 1995 жылы 1 наурызда
74 Басқалардың пікіріне, сенімін, тәртібіне шыдамдылық көрсету, саясатта алуан пікірлікті қолдайды, бұл қандай ұғыммен анықталады?
E) Толеранттық
75 Қоғамдағы басқаруды жүргізіп, тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, арасындағы саяси қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы:
С) Саяси жүйе
76 Қоғамды жүйелілік тұрғыдан талдап, «жүйе» ұғымын әлеуметтану мен саясаттануға алғаш енгізген кім?
A) Т. Парсонс
77 Саяси жүйе теориясын жасаушылар:
D) Г. Алмонд, Д. Истон
78 Саясаттанудағы саяси жүйенің қызметінің теориялық үлгілері қайсылар?
C) Жүйелілік, құрылымдық-функционалдық, ақпараттық-кибернетикалық
79 Саяси жүйенің құрылымына қатысты ұғымдарды көрсетіңіз:
D) Саяси институт, саяси қатынас, саяси мәдениет
80 Г.Алмондтың саяси жүйені жіктеуіндегі саяси мәдениетте ескі жүйенің де, жаңаның да элементтері араласып, түрлі партиялардың ескі дәстүрлерді сақтап отыруы, заңдылыққа негізделген ортақ негіздің болуы тән болып келетін саяси жүйенің түрі:
C) Европалық-құрлықтық
81 Г.Алмондтың саяси жүйені жіктеуіндегі – адам бостандығы, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, мемлекет қауіпсіздігін сақтау, биліктің бөлінуі, саяси плюрализм, бюрократия, жоғары тұрақтылық. Бұл белгілер қай саяси жүйеге тән?
A) Ағылшын-америкалық
82 Г.Алмондтың жіктеуі бойынша индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеге қандай белгілер тән?
E) Батыс құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғырланып, ортақ негіздің болмауы
83 Г.Алмондтың жіктеуі бойынша тоталитарлық саяси жүйеге тән белгілер тән?
А) Тәуелсіз орталықтандырылған биліктің болуы және орталық билігіне қоғамның толық бағындырылуы
84 Саяси жүйені демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық деп бөлудің негізіне не алынған?
Е) Саяси режим түрі
85 Қоғамның саяси жүйесінің басты институты не?
A) Мемлекет;
86 «Мемлекет» терминін ғылыми айналымға енгізген кім?
B) Н.Макиавелли
87 Мемлекеттің басты функциясы:
Е) Саяси ұйымдастыру
88 Мемлекетті басқару формасына байланысты қалай деп бөледі?
С) Монархия, республика
89 Мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндіретін концепция:
В) Теологиялық
90 Аумағы, тұрғындары, егеменділігі, заңы, басқару аппараты, салық жүйесі, күштеу органдары т.б. Бұлар мемлекетті қай жағынан сипаттайды?
А) Белгілері
91 Мемлекеттік биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілділік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекет түрі:
А) Республика
92 Біртұтас, әкімшілік-аумақтық бірлестіктерден тұратын, саяси билік бір орталыққа бағынатын мемлекет:
Е) Унитаризм
93 Белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа мемлекет құруы:
А) Федерация
94 Мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы, жеке тұлғаның емін-еркін дамуы:
С) Азаматтық қоғам
95 Заңның жоғарылылығы, оның алдында бәрінің тең болуы, жеке адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін мемлекет түрі:
В) Құқықтық
96 Құқықтық мемлекеттің бірден-бір негізгі принципі:
D) Биліктің бөлшектенуі Нарықтық қатынастар
97 Мемлекет қандай принцип негізінде құрылады?
D) Аумақтық принцип
98 Дж. Локк, Т. Гоббс, Ж.Ж. Руссо мемлекеттің пайда болуы мен мәні туралы қандай теорияның негізін салушылар болып есептеледі?
Е) Қоғамдық келісім
99 Мемлекеттің функцияларына қатысты ұғымдарды көрсетіңіз:
А) Ішкі және сыртқы
100 Мемлекеттің пайда болуын жеке меншіктің, таптардың шығуымен, олардың арасындағы қайшылықтардың шиеленісуімен байланыстырып, мемлекет – бір таптың екінші тапқа үстемдігін, қанауын жүргізетін орган деп қарастыратын концепция:
Е) Марксистік
101 Белгілі бір әлеуметтік топтардың мүддесін көздейтін өз мақсаттарына жету бағытында мемлекеттік билік үшін күресіп, оны қолдануға ұмтылатын адамдардың ерікті одағы қалай деп аталады?
А) Саяси партия
102 Белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін билікке ықпал ету үшін құрылатын, ұйымдық құрылымы әлсіз, әлеуметтік базасы кең болатын адамдардың ерікті ынтымақтастығы қалай деп аталады?
С) Қоғамдық-саяси қозғалыстар
103 Идеологиясына байланысты партиялардың түрлері:
В) Фашистік және коммунистік
104 Саяси партияның ең басты функциясы:
А) Саяси билік үшін күрес
105 Саяси партияның мәні неде?
D) Кімнің мүддесін көздеп, қорғайтындығында
106 Саяси партиялар ненің элементі болып табылады?
Е) Азаматтық қоғамның
107 Ұйымдық жағынан құрылуы, билікке ашық түрде бағытталуы, бұқаралық тірек табуға тырысуы, доктринасының, бағдарламасының болуы, бұлар саяси партияны қай жағынан сипаттайды?
D) Белгілері
108 Жоғарғы жетекші және штаб, партияның мүшелері, партияның электораты, бұлар партияны қай жағынан сипаттайды?
А) Құрылымы
109 Коалициялық немесе блоктық басқару дегеніміз не?
А) Партиялардың бірлесіп басқаруы
110 Капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай реформалап, өзгертуге тырысатын партия:
С) Социал-демократиялық
111 Қазақстандағы алғашқы либералдық-демократиялық партия:
В) «Алаш»
112 Қазақстандағы әлеуметтік бағыттағы ұйымдар қайсы?
А) «Жерұйық», «Шаңырақ»
113 Үлкен әлеуметтік топтарды белсенді ету және шоғырландыру, саяси идеология мен қоғамдық пікірді қалыптастыру, саяси элита қатарын толықтыру, саяси жетекшіні ұсыну, сайлау арқылы мемлекеттік билік үшін күресу, билік қызметін бақылау т.б. Бұл аталғандар қайсысының қызметтеріне жатады?
А) Саяси партияның
114 Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті не болып табылады?
Е) Азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету
115 Нақты билік бір партияда болатын, сонымен бірге басқа партиялардың қызметіне формалды түрде болса да рұқсат ететін партия жүйесі қалай аталады?
С) Бір жарым партиялық
116 Екі жарым партиялық жүйенің мағынасы қандай?
Е) Сайлауда жеңген партия үшінші партиямен бірігіп үкіметті құрады
117 Билікті жүргізудің заңды әдіс-тәсілдерін, қоғамдағы демократияның дәрежесін көрсететін не?
D) Саяси режим
118 Әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайындағы саяси режим түрі:
А) Тоталитарлық
119 Биліктің диктаторлық сипаты, экономика, адамдардың жеке өміріндегі азаматтық қоғам элементтерінің болуы, формалды түрде болса да биліктің бөлінуі, парламент, партиялардың болуы т.б. Бұл белгілер қай саяси режимге тән?
В) Авторитарлық
120 «Демократия» терминінің мағынасы қандай?
A) «халық билігі»
121 Демократия теориясын дамытушылар:
В) Локк, Руссо, Шумпетер
122 Демократияның алғашқы Отаны қай ел?
А) Ежелгі Грекия
123 Саяси плюрализм дегеніміз не?
Е) Әртүрлі көзқарастарға, қоғамдық пікірлерге жол беру
124 Еркіндік, теңдік, бостандық, әділеттілік, заң алдындағы теңдік, халық – биліктің бастауы т.б. жақтайтын доктрина нені бейнелейді?
А) Демократияны
125 Референдум дегеніміз не?
С) Маңызды мәселелер бойынша сайлаушылардың пікірі (көңілін білдіруі)
126 Қоғамдық пікірдің әрдайым зерттелуі, заңның жоғарылылығы, көппартиялық жүйе, шешімді көпшіліктің қабылдауы, жариялылық, биліктің іс жүзінде бөлінуі т.б. принциптер қай режимге тән?
А) Демократиялық
127 Азаматтық қоғамның, демократияның тірегі болып, қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін кімдер?
С) Орта тап
128 Халық маңызды саяси шешімдер дайындауға, қабылдауға тікелей қатысатын демократия қалай деп аталады?
В) Тура
129 Саяси ойлар тарихында «демократия» ұғымы қай кезден бастап жағымды түсініле бастады?
В) Жаңа дәуірден
130 Демократия идеялары қандай идеологиямен тығыз байланысты?
D) Либерализм
131 Биліктің субъектісі халық ретінде ер адамның түсінілуі, дарашылдық, еркіндікті жағымсыз тұрғыдан түсіну, парламентаризм, мемлекеттің қызметінің шектелуі, биліктің бөлінуі т.б. Бұл белгілер демократияның қандай теориясына тән?
А) Классикалық либералдық демократияға
132 Бірте-бірте жүргізіліп, демократияның бір бағытта кеңеюін көздейтін демократияландырудың үлгісі қалай деп аталады?
D) Сызықтық
133 Партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы қалай аталады?
D) Оппозиция
134 Әлеуметтік субъектілердің саясат саласын түсінуі, сезінуі:
D) Саяси сана
135 Саясаттың, саяси биліктің мәнін түсіну тереңдігі мен деңгейіне байланысты саяси сананың қандай түрлері бар?
D) Қарапайым, кәсіби, ғылыми
136 Субъектісіне байланысты саяси сананың қандай түрлері бар?
А) Дара, топтық, бұқаралық
137 Мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне қандай саяси сана түрі тән?
В) Кәсіби саяси сана
138 Қалыптасып жүйеге түспеген, саясаттың тереңіне бойламайтын, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дәстүрлі нанымдар т.б негізінде қалыптасатын саяси сана қалай аталады?
А) Қарапайым саяси сана
139 Мемлекеттік аппаратта кәсібилікке қарсы тұратын, кәсібилікті ығыстыруға тырысатын үстірттік қалай деп аталады?
С) Дилетантизм
140 Тұрақсыз болып, адамдардың уақытша ірі бірігуі кезінде көрінетін, өзекті саяси мазмұн тән болатын, тұрақты құндылықтар мен мифтерге сүйенетін саяси сананың түрі:
В) Бұқаралық саяси сана
141 Ғылымға «идеология» терминін енгізген кім?
А) А.Траси
142 Белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялардың және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп тұрған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге бағытталған тұжырымдар, пікірлер, көзқарастар, идеялар жүйесі дегеніміз не?
А) Саяси идеология
143 «Саяси мәдениет» ұғымын теориялық жағынан негіздеу кімдердің есімімен байланысты?
В) Г. Алмонд, С.Верба, Л.Пай
144 Саяси мәдениетке қатысты ұғымдар қайсы?
В) Саяси сана, саяси іс-әрекеттер
145 «Саяси мәдениет» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға енгізіп, мәдениет пен саясаттың өзара әрекетін зерттеген философ-ағартушы кім?
С) И.Гердер
146 Қоғамда үстемдік еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдар:
А) Субмәдениет
147 Саяси мәдениеттің саясаттануда жиі қолданылатын түрлерін анықтаған кім?
D) Г.Алмонд
148 Г.Алмонд саяси мәдениеттің қандай түрлерін көрсетті?
Е) Патриархалдық, бодандық, азаматтық
149 Саяси әлеуметтену дегеніміз не?
А) Жеке адамның әлеуметтік-саяси ортада қалыптасуы
150 Жеке адамның саяси әлеуметтенуі қай кезеңнен басталады?
D) 3-5 жастан
151 Жеке адамның саяси әлеуметтену процесі қай кезеңге дейін жүреді?
Е) Бүкіл саналы өмір бойы
152 Қоғамның негізгі экономикалық, саяси және мәдени ресурстарын бақылайтын оның ең жоғары және тұйық тобы қалай аталады?
А) Элита
153 Билікке ықпал ете алатын және ықпал етіп отырған барлық топтарды қалай атайды?
В) Билеуші элита
154 Қоғамды ерекше пұрсатты жағдайдағы салыстырмалы түрде алғанда азғана адамдар тобының билеуі қажеттігін негіздейтін концепция қалай деп аталады?
D) Элитаризм
155 Элитаның классикалық теориясының өкілдері кімдер?
А) Парето, Моска, Михельс
156 «Элита» терминін ғылыми айналымға енгізген кім?
А) В.Парето
157 В.Паретоның теориясы қалай аталады?
С) «Элиталардың айналуы»
158 Әлеуметтік мониторинг, стратегиялық, интеграциялық, ұйымдастырушылық, рекруттық, бұл қайсысының қызметтері?
А) Элитаның
159 «Олигархияның темірдей заңының» авторы кім?
Е) Р.Михельс
160 Демократиялық элитизм концепциясы бойынша, демократия дегеніміз не?
В) Маманданған саяси билеушілерді таңдау құралы
161 Түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамдарға сәйкес элитаның түрлері қайсы?
Е) Аристократия, плутократия, номенклатура
162 Мұрагерлік элитаның ықпал ету негізінде қандай фактор басты болып табылады?
А) Қан
163 Қазіргі заманғы элита теорияларын көрсетіңіз:
В) Құндылықтық, демократиялық элитизм, солшыл либералдық
164 Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алу жүйесінің түрлері:
В) Антрепренерлік және гильдия
165 Көшбасшы (лидер) терминінің мағынасы:
А) ) «алға бастаушы, басқарушы»
166 Саяси көшбасшылық теориясының дамуына үлес қосқан ғалымдар:
Е) Т.Карлейль, Ф.Ницше, Г.Тард
Д.Истон, Г.Алмонд. К.Дойч
167 Саяси көшбасшының құрылымын анықтайтын компоненттерді көрсетіңіз:
А) Жеке қасиеттері, ресурстары, жағдай
168 Америкалық саясаттанушы Дж. Херман саяси көшбасшылардың қандай түрлерін көрсетті?
А) Ту көтерер, қызмет етуші, саудагер
169 Америкалық саясаттанушы Дж. Херманның жіктеуі бойынша уақыт талабына сай өз жақтастарының сауалына, қысылтаяң жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол көрсете алатын саяси көшбасшыны қалай деп атау ұсынылды?
С) Өрт сөндіруші көшбасшы
170 Мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі қалай аталады?
D) Инаугурация
171 Бірізділікпен қолданылатын процедуралардың, нақты саяси субъектінің мақсаттары мен міндеттерін белгілі бір уақытта және белгілі бір жерде неғұрлым оңтайлы және тиімді түрде жүзеге асыруға бағытталған қызметтің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы:
А) Саяси технология
172 Саяси шешімдер қабылдау, сайлауды өткізу, жанжалдарды реттеу, бұлар қайсы ұғымға қатысты?
С) Саяси технология
173 Ғылымға «әлеуметтік жанжал» ұғымын кім енгізді?
С) Г.Зиммель
174 Америкалық ғалым Л. Козердің пайымдауынша, жанжал дегеніміз не?
D) құндылықтар, белгілі бір статус, билік және ресурстар үшін күрес, бұл күрестегі қарсыластардың бірі-бірін бейтараптандыруы, нұқсан келтіруі және жоюы
175 Әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуі не деп аталады?
А) Саяси жанжал
176 Қоғамдық өмірдің қай саласында көрініс беруіне байланысты әлеуметтік жанжалдың қандай түрлері бар?
D) Саяси, экономикалық, сауда, әскери
177 Билік өкілеттілігін бөлуге, үстемдік және басқаруға қатысты жанжал:
А) Саяси жанжал
178 «Саяси дағдарыс» ұғымының мәні қандай?
Е) «Шешім, бет бұру шегі»
179 Негіздің тууы, басталуы, ашық формасы, реттелуі, бұлар жанжалды қай жағынан сипаттайды?
В) Кезеңдері
180 Саяси жанжалды реттеудің түрін көрсетіңіз:
Д) Компромисс
181 Негізгі заңның өз күшін, легитимдігін жоғалтуы:
А) Конституциялық дағдарыс
182 Қазіргі заманғы қоғам қалай деп аталады?
D) Постиндустриялы
183 Демократияның ерекше белгісі, атрибуты, өзегі, қажетті шарты, халық еркінің көріну әдісі:
А) Сайлау
184 Саясаттануда сайлауды зерттейтін сала қалай деп аталады?
А) Псефология
185 Сайлау құқығы, сайлау процедурасы, бұлар сайлау жүйесін қай жағынан сипаттайды?
С) Компоненттері
186 Жалпыға бірдей сайлау құқығын шектеудің түрі:
D) Ценз
187 Электорат дегеніміз не?
D) Сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы
188 Әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиюі қандай сайлау жүйесіне жатады?
Е) Мажоритарлық
189 Пропорционалдық сайлау жүйесі дегеніміз не?
А) Сайлаушылардың үміткер үшін емес, партиялар үшін дауыс беруі
190 Қазақстан Республикасы азаматтарының қанша жастан бастап сайлауға қатысуға (дауыс беруге) құқығы бар?
А) 18 жастан
191 Халықтар, мемлекеттер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, шаруашылық-экономикалық, құқықтық, ғылыми-техникалық, дипломатиялық т.б. байланыстар және оларды іске асырушы күштер арасындағы өзара қатынастар жиынтығы қалай деп аталады?
А) Халықаралық қатынастар
192 Бір ұлттың, бір мемлекеттің дүниежүзілік дәрежедегі өз мүдделерін қорғау үшін жүргізген іс-әрекеттері:
D) Сыртқы саясат
193 Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері:
В) Мемлекеттер, халықаралық ұйымдар
194 Өз халқының, мемлекетінің мақсат-қажеттілігін сезініп, біліп, оны іске асыруға тырысушылық:
А) Ұлттық мүдде
195 Алғаш рет «геосаясат» терминін ғылыми айналымға енгізген кім?
D) Р.Челлен А. Мэхэн
196 Геосаяси жағынан алғанда Қазақстанның қай елдермен халықаралық байланыстарының мәні зор?
А) Ресей және Қытаймен
197 «Футурология» термині қандай мағынаны білдіреді?
С) «Болашақ туралы ілім»
198 Белгілі футурологтарды көрсетіңіз:
Е) Тоффлер, Хантингтон, Фукуяма
199 Қазақстан Республикасының егемендігі қашан жарияланды?
В) 1990 жылы 25 қазанда
200 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?
А) 1991 жылы 16 желтоқсанда